«Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4278 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-тармағындағы «369 473,21» деген сандар «367 874,253» деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағы 1598,957 гектарға азайтылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасының

басшысы                                                                                    Н. Егембердиев

Қаулы_kz
Дата публикации
16 марта 2026