Есептік кезең 2025 жыл Талдамалық анықтама

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
2025 жыл қорытындысы туралы есебі
10.01.2026 ж.

 

Есептік кезең 2025 жыл

Талдамалық анықтама

 

         І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   2897 (2024 жылы 2737 қызмет)  (99,8%)(жеке тұлға – 2131 (2024 ж- 2119), заңды тұлға – 762 (2024 ж-618)), қағаз түрінде 4 (2024 ж-75) (0,2%) (жеке тұлға – 4) ;

Оның ішінде:

IІI санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 201;

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 175;

Ағаш кесу және орман билетін беру – 1972;

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 422;

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру – 66;

Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 52;

Кең іздеушілкке арналған лицензияны беру – 4;

Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру - 5.

2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

2025 жылдың кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.

 

ІІ.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес, 2025 жылы 4 мекемеге ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.

Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

        

         ІІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Басқарма тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.

Алайда, ішкі байқау шаралары барысында басқарманың бөлімдері және мекемелері тарапынан жалпы  33 заңбұзушылық (2024 ж – 87)  анықталды.

 

Есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында  Басқарманың салалық бөлімдерімен «Jambyl-Taraz» газетіне 3 мақала жарияланды.

АНЫҚТАМА 2025 жыл - КАЗ+ Сайт
Дата публикации
14 января 2026