Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
05.01.2026 ж.
Есептік кезең 2025 жылғы ІV тоқсаны
Талдамалық анықтама
І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2025 жылдың ІV тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 323 (100%) (жеке тұлға –132, заңды тұлға – 191);
Оның ішінде:
IІ санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 64;
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 67;
Ағаш кесу және орман билетін беру – 60;
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 109;
Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 31;
Кең іздеушілікке арналған лицензия беру – 4;
Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға рұқсат беру – 12.
2025 жылдың қазан-желтоқсан айлары кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
ІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
Басқарманың ішкі бақылау іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес 4 тоқсанда Жамбыл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде тексеру тағайындалды.
Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
ІІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
"Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының" 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Басқарма жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жүргізбеді.