Жамбыл облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы 

Жамбыл облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабының 1-тармағының
3)-тармақшасына, 85-бабының 2-тармағына және 86 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының
8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Жамбыл облысының аумағындағы су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын шаруашылыққа пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану

Комитеті «Су ресурстарын реттеу, қорғау және

пайдалану жөніндегі Шу-Талас бассейндік

су инспекциясының басшысы

__________________ Т. Ибраев

«____» ____________ 2025 жыл

 

 

 

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының басшысының

міндетін атқарушысы                                                                            Н. Егембердиев

Қаулы каз
Дата публикации
24 октября 2025