""ЕвроХим-Каратау"" ЖШС №25471631002

Орналастыру күні Хабарландыру
24.10.2025 г. ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес «ЕвроХим-Каратау» ЖШС ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жобаның атауы: «Жамбыл облысы, Сарысу ауданы аумағында минералды тыңайтқыштар өндірісінің қалдықтарын көму полигонын салу» жұмыс жобасына ықтимал әсерлер туралы есеп.
Әсер ету аумағы: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Түркістан ауылдық округі. Жобаланған учаскенің координаттары:: 1) 43º 30' 48.496" N, 69º 33' 42.7" E 2) 43º 30' 56.314" N, 69º 33' 53.333" 3) 43º 30' 58.278" N, 69º 34' 5.062" E 4) 43º 30' 48.808" N, 69º 34' 14.864" E 5) 43º 30' 37.768" N, 69º 34' 4.183" E
Қоғамдық тыңдаулар 2025 жылғы 26 қарашада сағат 11.00-де, ҚР, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түркістан ауылдық округі, Әшір Бүркітбаев ауылы, Мәдениет үйі мекенжайы бойынша өтеді.
Қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін онлайн Qosyl мына сілтеме бойынша өту қажет:
https://meet.qosyl.kz/meeting?room=934040455787;
Конференция идентификаторы: 934-040-455-787.
Тіркеу талқылау басталғанға дейін 30 минут бұрын басталады. Байланыс сұрақтары бойынша жоспарланған әрекеттің бастамашысына қоңырау шалыңыз.
Жоспарланған жобаның бастамашысы: «ЕвроХим-Каратау» ЖШС. Мекенжайы: 0500059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 17/1, «Нұрлы-Тау» ПФК, 5Б блогы, 14 каб. Ольга Попрядуха, тел.: 8 (701) 804-68-50, Olga.Popryadukha@eurochem.ru.
Жоба әзірлеуші: «АНТАЛ» ЖШС (2014 жылғы 26 қарашадағы № 01714Р мемлекеттік лицензияны КММ «Мұнай-газ секторындағы экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі берген. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі»). Мекен-жайы: Алматы қ., Бұхар Жырау 33, «Жеңіс» БО, оф.50, БСН – 920940000013. Тел/факс: 8 (727) 376-33-42, e-mail: office@antal.kz
Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттармен, сондай-ақ, кейіннен жарияланған қоғамдық тыңдаулардың хаттамасымен ақпараттық жүйе https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және облыстың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсына сілтеме арқылы: «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/documents/1?directions=_8220 танысуға болады.
Жоспарланған жоба туралы қосымша ақпаратты, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған іс-шараларға қатысты құжаттардың көшірмелерін алу мақсатында мына мекенжайлар бойынша хабарласуға болады: «ЕвроХим-Каратау» ЖШС. Байланыс тел: 8 (701) 804-68-50, e-mail: Olga.Popryadukha@eurochem.ru және «АНТАЛ» ЖШС. Тел/факс: 8 (727) 376-33-42, e-mail: office@antal.kz.
Ескертулер мен ұсыныстар 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Ақпараттық жүйенің ndbecology.gov.kz сайтында, сондай-ақ Жамбыл облысы, Тараз қ., Абай көш. 133А, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ мекенжайы бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады, e-mail: upr.taraz@zhambyl.gov.kz.  материал
материал
Дата публикации
24 октября 2025