Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бір түрі. Қызмет Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
Рұқсаттардың түрлері:
- аң аулау;
- балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
- жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалану;
- жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
Қызметті берушінің жұмыс графигі:
- дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
- түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін;
- демалыс және мереке күндері – жұмыс істемейді.
Қызметті алу тәртібі:
- өтініш беруші құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электрондық үкімет порталына тапсырады;
- өтініш тіркеледі;
құжаттар қаралып, белгіленген мерзімде рұқсат беру немесе бас тарту туралы шешім қабылданады.