Жамбыл облысы аумағындағы су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы
7 тамыздағы № 168 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4314 болып тіркелген);
2) «Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы
7 тамыздағы № 168 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 139 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5212-08 болып тіркелген).
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Жамбыл облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев