Жамбыл облысында ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жамбыл облысында ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 114-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 181-НҚ бұйрығымен бекітілген Ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдаланудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36506 болып тіркелген) сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес Жамбыл облысында ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
  2. Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Жамбыл облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу

басқармасы басшысының

міндетін атқарушы                                                                        Б. Молдашев

қаулы ирригация каз
Дата публикации
13 августа 2025