Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
05.07.2025 ж.
Есептік кезең 2025 жылғы ІІ тоқсаны
Талдамалық анықтама
І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 703 (100%)(жеке тұлға –560, заңды тұлға – 143) ;
Оның ішінде:
IІI санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 56;
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 43;
Ағаш кесу және орман билетін беру – 541;
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 43;
Балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға рұқсат беру – 6;
Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 9;
Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру - 5.
2025 жылдың сәуір-маусым айлары кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
ІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
Басқарманың ішкі бақылау іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес 2 тоқсанда Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде тексеру тағайындалды. Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
ІІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
"Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының" 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Басқарманың су ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу, экологиялық сараптама бөлімі және басқармаға қарасты Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жүргізді.
Алайда ішкі байқау жүргізу барысында бөлім тарапынан 5 бұзушылық анықталды.
І) көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау - 3.
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жеке кілттерін басқа адамдарға беру мүмкін емес.
ІІ) «Электрондық үкіметтің» веб-порталын, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарын және бұқаралық ақпарат құралдарын талдау – 2.
Яғни, Есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халық арасында, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген.
Қазіргі уақытта, ескерту жасалып, көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.