Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 21-бабының 3-тармағына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) 2025 жылдың I тоқсаны бойынша хабарламалық тәртіптегі субъектілерден қоршаған ортаға әсер ету туралы 26 декларация қабылдағанын хабарлайды.