Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
05.04.2025 ж.
Есептік кезең 2025 жылғы І тоқсаны
Талдамалық анықтама
І. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
Басқарманың ішкі бақылау іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес 1 тоқсанда Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде тексеру тағайындалды. Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
ІІ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2025 жылдың І тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1302 (жеке тұлға – 1199, заңды тұлға – 102), қағаз түрінде – 1 (жеке тұлға -1).
Оның ішінде:
IІI санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 15;
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 25;
Ағаш кесу және орман билетін беру – 1218;
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 26;
Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 5;
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру – 13.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
ІІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
"Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының" 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Басқарма кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану жөніндегі бөлімде Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізді.
Алайда ішкі бақылау жүргізу барысында бөлім тарапынан 8 бұзушылық анықталды.
І) көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерін сақтау.
"Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшаға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жеке кілттерін басқа адамдарға беру мүмкін емес.
Алайда, басқарма басшысы мен бөлім басшысы іссапарда болғанына қарамастан, олардың ЭЦҚ қызмет көрсету процесінде пайдаланылды. Барлығы 4 бұзушылық анықталды.
ІІ) Тоқсан сайын ішкі бақылау шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері ұсынатын ақпарат.
Есепті кезеңде бөлімнің берген ақпаратына сәйкес, аталған қызмет түрлері бойынша жалпы 20 қызмет көрсетілді.
Алайда, «Е-license» АЖ мониторинг жүргізіліп, жалпы бөліммен 24 қызмет көрсетілгені анықталды.
Анықтама үшін: Жалпы 24 қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде: Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу-2, Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру-15, Кең іздеушілікке арналған лицензияны беру-11, оның ішінде 2-қайтарып алу туралы өтініш білдірсе, 2-қызмет алушымен қайтарып алынды
Қазіргі уақытта, бөлім басшысы және бас маман орындары бос тұруына байланысты, жіберілген кемшіліктерге қатысты бөлімге жетекшілік ететін басшы орынбасарының атына қызметтік хат жазылып, алдағы уақытта қатаң бақылауға алу ұсынылды.