Баспасөз аңдатпасы
«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2025 жылдың 13 наурызы күні Ашық есік күнін өткізеді.
Тақырыбы: «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?».
Зейнетақы төлемдерінің қандай түрлері бар, оларға кімдердің құқығы бар, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. сауалдарға Қор мамандары жауап беріп, қолжетімді де түсінікті нысанда мысалдар келтіреді.
Ашық есік күні 2025 жылдың 13 наурызы күні сағат 10-00, 12-00, 15-00 онлайн форматта өткізіледі.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз;
2025 жылдың 13 наурызында сағат 10-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/weblink/register/r709d298f30914e1d984537c684fdb51c
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2510 115 0067
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000
2025 жылдың 13 наурызында сағат 12-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/weblink/register/r34ab2a2e0c705404b2002e96b88f5177
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2517 774 7643
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000
2025 жылдың 13 наурызында сағат 15-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/weblink/register/ra93fd56dba47ff6c64cf88156e3c8b93
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2516 294 6345
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000
«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күнінде барлығыңызды қуана күтеді!