«Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жергілікті маңызы бар "Қордай-Жайсан" мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы» Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 154 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-тармағындағы «369 970,16» деген сөздер «369 473,21» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Жергілікті маңызы бар «Қордай-Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағы 496,95 гектарға азайтылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасы

басшысының міндетін атқарушы                                            Н. Егембердиев

Қаулы_kz
Дата публикации
06 февраля 2025