Есептік кезең 2024 жылғы ІV тоқсаны талдамалық анықтама

Басқарманың мемлекеттік

көрсетілетін қызметтері бойынша

3 ай қорытындысы туралы есебі

05.01.2025 ж.

 

Есептік кезең 2024 жылғы ІV тоқсаны

Талдамалық анықтама

 

        

І.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

Басқарманың ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарына сәйкес, 4 тоқсанда тексерулер бекітілмеді.

Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

        

ІІ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2024 жылдың ІV тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   406 (100%)(жеке тұлға – 232, заңды тұлға – 174) ;

Оның ішінде:

IІI санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 71;

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 60;

Ағаш кесу және орман билетін беру – 175;

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 95;

Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 3,

Кең іздеушілікке лицензия беру - 2.

2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Басқармаға қарасты 3 орман шаруашылығы мекемелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында IV тоқсанында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

ІV ТОҚСАН АНЫҚТАМА 2024 жыл - КАЗ
Дата публикации
08 января 2025