«Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы

«Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін жерлерді
резервте қалдыру туралы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына және 24-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданының аумағында «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін резервіленген жер учаскелерінің қоса беріліп отырған орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2 - қосымшалар) шекаралары шегінде жалпы алаңы 86632,0 гектар жер учаскелері оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасының

басшысы                                                                                         О. Баққараев

№259 қаулы
Дата публикации
27 ноября 2024