«Электронды үкімет» порталы
уақытыңызды үнемдейді әрі сапалы қызмет көрсетеді
«Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағида) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген болатын. Соның ішінде, басқармаға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша іс-шараны жүзеге асыру жергілікті атқарушы органға жүктелген.
Басқарма осы жүктелген міндеттер бойынша мемлекеттік көрсету қызметтерінің сапасын арттыруға ұдайы көңіл боліп отыруда. Азаматтарды жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қабылдаған бұйрық басқарманың сайтына орналастырылған. Сондай-ақ, басқарманың ғимаратында мемлекеттік және ресми тіл-орыс тілдерінде стенд жасалып тиісті құжаттармен толтырылып мемлекеттік қызмет алушыларға қолайлы көре және таныса алатын жерге ілінді.
Мемлекттік қызмет көрсетілу барысына тоқталсақ мынадай іс-шаралар атқарылуда. Атап көрсеткенде:
Жануарлар дүниесін пайдаланудың мына түрлеріне рұқсаттар берілуде:
балық аулау бойынша:
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты талабы бойынша азаматтарға өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық жолмен жүзеге асырамыз.
Мемлекеттік қызметті: екі және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар жануарларды алудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық-цифрлы қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды өтінімде көрсетілген деректер мен мәліметтердің және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігі тұрғысынан қарайды және өтінім келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 8-қосымшада жазылған.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы:
Электрондық үкімет порталы арқылы жүгінсе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады.
2024 жылдың 11 айында басқарма «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру», оның ішінде балық аулау бойынша жалпы 57 рет мемлекеттік қызмет көрсетті (кәсіпшілік балық аулау – 40, әуесқойлық (спорттық) балық аулау – 16, мелиорациялық аулау – 1). «Көрсетілген қызметтің барлығы «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.
Нәтижесінде, заңды тұлғалар және жеке тұлғалар жануарлар дүниесін пайдалануға заңмен белгіленген мерзімде рұқсат алуға қол жеткізді.
Дегенмен, проблемалар жоқ емес. Соның, ең бастысы мемлекеттік қызмет алушылардың көп жағдайда электрондық үкімет порталының мүмкіншіліктерін пайдаланбауы. Өйткені, жануарлар дүниесін пайдаланушылардың көбінің техникалық мүмкіншіліктері жоқ. Бұл ретте басқарма, оның ішінде бөлім қызметкерлері электрондық үкімет порталының мүмкіншіліктерін пайдаланудың тиімділігін ұдайы түсіндіріп оған көшуді ұсынып отырады.
Сондықтан, жануарлар дүниесін пайдаланушыларға www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы пайдалануға шақырамын.
Өйткені, электрондық үкімет порталы арқылы жүгінсе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады. Ең бастысы, уақыттарыңыз үнемделеді және бұл сапалы қызмет алудың кепілі.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Балтаев Руслан Бақтыбекұлы.