Зейнетақы жүйесі туралы сұхбаттар: «БЖЗҚ» АҚ халықпен қалай жұмыс істейді?

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

       Зейнетақы жүйесі туралы сұхбаттар: «БЖЗҚ» АҚ халықпен қалай жұмыс істейді? БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы туралы сарапшылармен сұхбаттар топтамасы жалғасуда. БЖЗҚ қандай қызметтер көрсетеді? Олардың қаншасы сандық форматта қолжетімді? Қандай операцияларды тек БЖЗҚ бөлімшелерінде жүргізуге болады? Қор филиалдарына клиенттер көбіне қандай мәселемен жүгінеді? Келушілер үшін қандай жағдайлар жасалған? Қашықтықтан қалай кеңес алуға болады? Осы және өзге де өзекті сауалдарға БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Алматы қаласындағы филиалдың директоры Нұрлан Әмренов пен Қашықтықтан кеңес беру департаментінің директоры Сергей Гилев жауап береді. Сұхбатты мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=p5QAxcDfO60 Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

3. Диалоги о пенсионной системе каз
Дата публикации
18 ноября 2024