Жамбыл облысының аумағындағы су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы

Жамбыл облысының аумағындағы су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабының
2), 2-1) тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларының
5-тармағына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл облысының аумағындағы су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Жамбыл облысының аумағындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Шу-Талас

бассейндік инспекциясының басшысы

__________________ Т. Ибраев

«____» ____________ 2024 жыл

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы комитетінің

Су ресурстарын пайдалануды реттеу

және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл

бассейндік инспекциясы

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау комитеті Жамбыл облысының

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

департаментінің  басшысы

___________________ Б. Шиналиев

«____» ____________ 2024 жыл

 

 

 

 

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды

реттеу басқармасының басшысы                                                           О. Баққараев

Постановление каз
Дата публикации
14 ноября 2024