Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
01.10.2024 ж.
Есептік кезең 2024 жылғы ІІІ тоқсаны
Талдамалық анықтама
І. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қаржы-шаруашылық, құжаттама және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, бекітілген жоспарға сәйкес, Басқармаға қарасты Байзақ, Ұланбел, Көктерек және Қарақоңыз мекемелерге ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.
Ішкі бақылау жұмыстары жүргізілген барысында Байзақ, Көктерек және Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерде мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жұмыс мерзімінің сақталмауы анықталып отыр.
Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман пайдалану инженері және Ұланбел ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман пайдалану инженері – «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2024 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
ІІ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2024 жылдың ІІІ тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 616 (99,84%)(жеке тұлға – 291, заңды тұлға – 325), қағаз түрінде 1 (0,16%) (жеке тұлға – 1) ;
Оның ішінде:
IІI санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 30;
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 42;
Ағаш кесу және орман билетін беру – 186;
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 355;
Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 4.
2024 жылдың шілде-қыркүйек айы кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
Басқармаға қарасты 12 орман шаруашылығы мекемелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курсынан өтті.