«2024 жылға арналған Жамбыл облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің  өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 146 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«2024 жылға арналған Жамбыл облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің  өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы
№ 146 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2024 жылға арналған Жамбыл облысының акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5211-08 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы каулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;                                                       2)  осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                   Е. Қарашөкеев

 

 

Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
басшысы                                                                                                   О. Баққараев

Қаулы_kz
Дата публикации
01 октября 2024