Есептік кезең 2024 жылғы ІІ тоқсаны Талдамалық анықтама

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
01.07.2024 ж.

 

Есептік кезең 2024 жылғы ІІ тоқсаны

Талдамалық анықтама

 

І.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қаржы-шаруашылық, құжаттама және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, бекітілген жоспарға сәйкес, Басқармаға қарасты Сарысу, Қосқұдық, Мойынқұм және Ақкөл  мекемелерге ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.

Ішкі бақылау жұмыстары жүргізілген барысында Ақкөл, Мойынқұм және Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерде мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жұмыс мерзімінің сақталмауы анықталып отыр.

Ақкөл ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман пайдалану инженері және Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман пайдалану инженері – «ескерту», Қосқұдық ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман пайдалану инженері– «сөгіс»  түрінде жазалар қолданылды.

2024 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

        

ІІ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2024 жылдың ІІ тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   631 (100%)(жеке тұлға – 553, заңды тұлға – 78);

Оның ішінде:

II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 20;

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 53;

Ағаш кесу және орман билетін беру – 532;

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 16;

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу – 2;

Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 4;

Кең іздеушілікке арналған лицензияны беру – 4.

 

2024 жылдың сәуір-маусым айы кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Басқарманың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы «Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

ІІ ТОҚСАН АНЫҚТАМА 2024 жыл - КАЗ — сайт
Дата публикации
01 июля 2024