"Au-79" ЖШС №24321831001

Орналастыру күні Хабарландыру
05.07.2024 ж.
Тұрғындардың назарына!
«Au-79» ЖШС «Қазақстан Республикасының Жамбыл облысындағы L-42-106-(10в-5а-5,10,15,20); L-42-106-(10в-5б-1,2,6,7,11,12,16,17) блоктары шегіндегі аумақта қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспарына толықтыру» жобасы бойынша экологиялық рұқсат алу үшін жобалық құжаттарды қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.
Ықпал ету аумағы және қоғамдық тыңдаулар өткізілетін аумақ: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қамқалы а.о., Жайлаукөл а. Географиялық координаттары: 44°50'22" с. е. 70°26 ' 36 " ш. б.
Учаскенің географиялық координаттары: 1 т. (45º 20' 00" с. е., 70º 54 ' 00 "ш. б.); 2 т. (45º 20' 00" С. Е., 70º 57' 00 "ш. б.); 3 т. (45º 16' 00" с. е., 70º 57' 00" 4 т. ( 45º 16 ' 00 " с. е., 70º 54 '00" ш. б.).
Қоғамдық тыңдаулар 2024 жылғы 12 тамызда сағат 15:00-де Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қамқалы а.о., Жайлаукөл ауылы, Кеңес көшесі, 6 үй (ауылдық кітапхана ғимараты, оқу залы) мекен-жайы бойынша ашық жиналыс түрінде өтеді.
Zoom платформасында тыңдауға қатысу үшін онлайн қосылуға сілтеме https://us04web.zoom.us/j/72138968228?pwd=uRlGuizRgahXAtVDvK35HqGZ0hjRea.1 конференция сәйкестендіргіші: 721 3896 8228 Кіру коды: 8gVZ9X
Онлайн қосылу сілтемесі ecoportal.kz. Бірыңғай экологиялық порталында қолжетімді.
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «Au-79» ЖШС, БСН 220640003516. Өкілі: жоба менеджері М. Т. Мукашев, байланыс телефоны: 87015258687.
Әзірлеуші: «Forum Geology» ЖШС, БСН 220940011598. Өкіл: компанияның экологы Мейрам А. А., байланыс телефоны: 87779655430, e-mail: au-79@cte.kz
Жобалық материалдармен https://ecoportal.kz Бірыңғай экологиялық порталында, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat?lang=ru/ сайтында танысуға болады
Жоспарланған қызмет, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін e-mail: o-gilgenberg@mail.ru және телефон нөмірі: 87014497675 арқылы сұратуға болады.
Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ecoportal.kz сілтеме бойынша және эл. мекен-жайы: s.agabek@zhambyl.gov.kz бойынша қабылданады.
Тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін қоғамдық тыңдауға дейін 15 минут бұрын жүргізіледі.
материал
14.08.2024 хаттама
https://drive.google.com/file/d/1iY8Wb8DwbHf8zQ_5Ch0Io18oHdSaT8_w/view
 
материал.
Дата публикации
05 июля 2024