Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру мемлекеттік қызмет көрсету
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру Қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес беріледі.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беруді Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жүзеге асырады.
Қағидаға сәйкес жануарлар дүниесін пайдаланудың мына түрлеріне беріледі:
балық ресурстары бойынша:
Аңшылық бойынша:
1) әуесқойлық (спорттық) аң аулауға;
2) жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға;
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің талабы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні. Қызмет Жануарлар дүниесiн пайдалану саласындағы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы электронды форматта көрсетіледі.