Есептік кезең 2024 жылғы І тоқсаны

Басқарманың мемлекеттік

көрсетілетін қызметтері бойынша

3 ай қорытындысы туралы есебі

01.04.2024 ж.

 

Есептік кезең 2024 жылғы І тоқсаны

Талдамалық анықтама

 

         І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2024 жылдың І тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 1158

Оның ішінде:

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде 2024 жылдың І тоқсанда көрсетілгендер саны – 74 (6,4%)(жеке тұлға –74);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   1084 (93,6)(жеке тұлға – 968, заңды тұлға – 116);

2024 жылдың І тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

2024 жылдың қаңтар-наурыз айы кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.

Есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында  басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ІІ.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 3 мекемеге (Луговой, Жамбыл, Бұрыл-байтал) ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.

Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

2024 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

Сонымен қатар, мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.

І ТОҚСАН АНЫҚТАМА 2024 жыл - КАЗ
Дата публикации
17 апреля 2024