Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының су ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу, экологиялық сараптама бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Су ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу, экологиялық сараптама бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі.
- Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы бекітеді.