Қаржы-шаруашылық, құжаттама және ұйымдастыру бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Қаржы-шаруашылық, құжаттама және ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (бұдан әрі – басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып есептеледі.
- Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы бекітеді.