Есептік кезең 2023 жылғы ІV тоқсаны

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
04.01.2024 ж.

 

Есептік кезең 2023 жылғы ІV тоқсаны

Талдамалық анықтама

 

         І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2023 жылдың ІV тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 300

Оның ішінде:

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде 2023 жылдың ІV тоқсанда көрсетілгендер саны – 6 (2%)(жеке тұлға –6);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   294 (98%)(жеке тұлға – 210, заңды тұлға – 84);

2023 жылдың ІV тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

2023 жылдың қазан-қараша айы кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген 2 мемлекеттік қызметі анықталды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.  Мерзім бұзу фактісі бойынша  қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл салынғанын, сонымен қатар толықтай өтелгенін хабарлайды.

Есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында  «Jambyl-Taraz» газетінде 2 мақала жарық көрді, сонымен қатар, басқармаға қарасты 3 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ІV ТОҚСАН АНЫҚТАМА 2023 жыл
Дата публикации
12 января 2024