Есептік кезең 2023 жыл

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
2023 жыл қорытындысы туралы есебі
10.01.2024 ж.

Есептік кезең 2023 жыл

Талдамалық анықтама

          І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 2834

Оның ішінде:

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде 2023 жылы көрсетілгендер саны – 48 (1,6%)(жеке тұлға –48);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   2786 (98,7%)(жеке тұлға – 2244, заңды тұлға – 542);

2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

ІІ.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес, 2023 жылы 12 мекемеге (Ұланбел, Мойынқұм, Көктерек, Қордай, Қарақоңыз, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Ақыртөбе, Луговой және Бұрыл-байтал) ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.

Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, 2023 жылы мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1 (Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман пайдалану инженері Д.Дидарбековаға – «ескерту» түрінде жаза берілді).

2023 жылы «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген 3 мемлекеттік қызметі анықталды. (Кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану бөлімінің бас маманы Т.Сарымбетовқа – «Сөгіс» түрінде жаза берілді, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Мерзім бұзу фактісі бойынша  қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл салынғанын, сонымен қатар толықтай өтелгенін хабарлайды).

Есепті кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында  «Jambyl-Taraz» газетінде 2 мақала жарық көрді, сонымен қатар, басқармаға қарасты 3 орман шаруашылығы мекемелерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

12 айдың есебі
Дата публикации
12 января 2024