Есептік кезең 2023 жылғы ІІІ тоқсаны

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
05.10.2023 ж.

Есептік кезең 2023 жылғы ІІІ тоқсаны

Талдамалық анықтама

          І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2023 жылдың ІІІ тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 767

Оның ішінде:

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде 2023 жылдың ІІІ тоқсанда көрсетілгендер саны – 3 (0,39)(жеке тұлға –3);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   764 (99,61%)(жеке тұлға – 431, заңды тұлға – 333);

2023 жылдың ІІІ тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

ІІ.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 3 мекемеге (Ақыртөбе, Луговой, Мойынқұм) ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.

Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

2023 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

Сонымен қатар, 2023 жылдың ІІІ тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1 (Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман пайдалану инженері Д.Дидарбековаға – «ескерту» түрінде жаза берілді).

ІІІ ТОҚСАН АНЫҚТАМА 2023 жыл.
Дата публикации
03 октября 2023