"Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы №478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- "Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 478 бұйрығына мынандай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында:
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Министрдің міндетін атқарушы А. Бейісбеков.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ А.Сәтқалиев
2023 жылғы "____"__________