«2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің  өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің  өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5038 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы каулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;                                                       2)  осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл облысының әкімі                                                    Н. Нұржігітов

 

 

 

 

 

Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
басшысы                                                                                                   О. Баққараев

Қаулы_kz
Дата публикации
03 августа 2023