«Жамбыл облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 38-9 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Жамбыл облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары:
мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Жамбыл облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді есепке алмағанда (Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы №168 қаулы, Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы №178 қаулы), Жамбыл облысының аумағында орналасқан су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында шомылуға тыйым салынады».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |