Жергілікті маңызы бар «Сұлутөр – Ботамойнақ» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы

Жергілікті маңызы бар «Сұлутөр – Ботамойнақ» мемлекеттік табиғи қаумалын
құру үшін жерлерді
резервте қалдыру туралы

 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына және 24-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарының аумақтарында жергілікті маңызы бар «Сұлутөр – Ботамойнақ» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің қоса беріліп отырған орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2 - қосымшалар) шекаралар шегінде жалпы алаңы 128 846 гектар жер учаскелері оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жамбыл облысының әкімі                                                    Н. Нұржігітов

 

Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
басшысы                                                                                        О. Баққараев

Постановление каз
Дата публикации
24 июля 2023