Ең төменгі жеткілікті шек неге өзгеріп отырады? 

Ең төменгі жеткілікті шек неге өзгеріп отырады? 

Заңнама талаптарына сәйкес, жаңа жыл басталғанға дейін бір ай бұрын БЖЗҚ 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін жариялады, олар жас мөлшеріне  байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Кейбір шекті мәндердің өзгеруі оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуімен түсіндіріледі. 

2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді. (сандар-титрмен)

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда «республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері» деп айқындалған.

          ТЖШ есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген (2013 жылғы 2 қазандағы №1042 (2021 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - титрлар).

Бекітілген Әдістемеге сәйкес, ең төменгі жеткілікті шек шамалары әр жас үшін жеке анықталады және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.

Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнетке шыққаннан кейін ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлемдер алуы үшін шотта қалуға тиісті ең төменгі сома (бұл ретте зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасында базалық төлем де ескеріледі).

КАЗ ПМД_комментарий 2023_ДСР
Дата публикации
17 мая 2023