Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 8 мемлекеттік қызмет түрі, оның ішінде мемлекеттік қызметтердің 4 кіші түрі, бұл тізілім бойынша мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 0,60 % -. құрайды (1324).
Оның ішінде:
- 1 электронды немесе қағаз түрінде;
- 7 қызмет электрондық түрде көрсетіледі.
2022 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2174 құрады.
Оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 70 (3,32%)(жеке тұлға –68, заңды тұлға-2);
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2104 (96,8%)(жеке тұлға – 1479, заңды тұлға – 625);
2021 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 1067 қызметке азайды (2021 жылы 3171 қызмет көрсетілген).
Басқарма тарапынан көрсетілген қызмет түрлерінен мерзімін бұзу бойынша 2 факті орын алды (1 - «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру», 1 - «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»).
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама толтырылды. Мерзім бұзу фактісі бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдар толығымен төленді.
Есепті кезеңде Басқарма тарапынан жылда жоспар бекіту арқылы бағынысты мемлекеттік мекемелерге ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар орман шаруашылығы мекемелері тарапынан көрсетілетін «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің көрсетілу барысына жүргізіледі.
Ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, барлық Басқармаға қарасты 15 орман шаруашылығы мекемелерінде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, анықталған кемшіліктерге сәйкес мекемелердің жауапты қызметкерлері (Сарысу, Жуалы, Қордай, Қосқұдық) тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша 62 бұзушылық анықталды:
- мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзудың 7 фактісі;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту 3 фактісі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 52 фактісі.
Ішкі бақылау шаралары бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тоқсан сайын ақпарат ұсынылады.
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 4 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 4 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (3 – «ескерту», 1 – «қатаң сөгіс»).
2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың фактілері тіркелген жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында Басқарма басшысымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары, Жамбыл облысы аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағида талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тұрғындар арасында түсіндіру, БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілді.
Облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары, яғни БАҚ арқылы мақалалар, семинарлар, онлайн жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.