Есептік кезең 2023 жылғы І тоқсаны

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
05.04.2023 ж.

 

Есептік кезең 2023 жылғы І тоқсаны

Талдамалық анықтама

 

         І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2023 жылдың І тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 1039.

Оның ішінде:

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде 2023 жылдың І тоқсанда көрсетілгендер саны – 32 (3%)(жеке тұлға –32);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   1007 (97%)(жеке тұлға – 955, заңды тұлға – 84);

2023 жылдың І тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

ІІ.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 5 мекемеге (Ұланбел, Мойынқұм, Көктерек, Қордай, Қарақоңыз) ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.

Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

2023 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.

Сонымен қатар, мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмады.

І ТОҚСАН АНЫҚТАМА бойынша госуслуга есеп 2023 жыл.
Дата публикации
12 апреля 2023