Есептік кезең -2022 жылғы ІV тоқсаны

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері
туралы есебі
04.01.2023 ж.

 

 

Талдамалық анықтама

Есептік кезең - 2022 жылғы ІV тоқсаны

 

        І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 8 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Барлығы электронды түрде көрсетілуде.

Анықтама:1) «Ағаш кесу және орман билетін беру»;2)«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»;3)«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»;4) «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»;5)«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру»;6)«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру»;7)«II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»;8)«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру».

Ағымдағы жылдың ІV тоқсанындакөрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы –267.

Оның ішінде:

        - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілерменбаламалы қағаз түрінде көрсетілгендер саны –3(1,12%)(жеке тұлға –3);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –264(98,8%)(жеке тұлға – 189, заңды тұлға – 75);

2022 жылдың ІV тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

Басқарма тарапынан көрсетілген қызмет түрлерінен мерзімін бұзубойынша 2 факті орын алды (1 -«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру», 1 - «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлығы электронды түрде көрсетілуде («е-лицензия» жүйесі арқылы).

ІV ТОҚСАН АНЫҚТАМА бойынша госуслуга есеп 2022 жыл.
Дата публикации
10 января 2023