Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы

Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына
тыйым салу туралы

 Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Орманда өрт қауіпі жоғары болып тұрған кезеңдерде (жыл сайын
    1 шілдеден 20 қыркүйекке дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жамбыл облысының әкімі                             Н. Нұржігітов

 

Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
басшысы                                                                       М. Шүкеев

Қаулы қаз
Дата публикации
09 января 2023