| Жарияланған күні | Хабарландыру |
| 06.01.2023 жыл | "Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" КММ ҚР экологиялық кодексінің 96-бабына сәйкес, 2023 жылдың 07-ші ақпанында сағат 11:00-де Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл а.о., Жамбыл ауылы, Тәңірбергенов көшесі №10 мекенжайында "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылында биотермиялық шұңқыр салу" жұмыс жобасына ықтимал әсерлері туралы есеп бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды. Жобалық құжаттама пакетімен http://ecoportal.kz/ бірыңғай экологиялық порталында және "Жамбыл облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat сайтында танысуға болады. Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады. Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантиндік, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде өткізіледі. Белсенді сілтеме бірыңғай экологиялық порталда беріледі. Жоспарланған іс-шараның бастамашысы: "Мойынқұм ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" КММ. Заңды мекенжайы: Жамбыл облысы, Мойынқұм а.о., Амангелді көшесі, 147., БСН:101240000288 Жоба құрастырушы: жк «казинжэкопроект», Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, 35. Тел: 8-701-112-60-99, e-mail: kazinzhekoproekt@mail.ru. Қосымша ақпаратты алуға болады: e-mail: kazinzhekoproekt@mail.ru., тел: 8-701-112-60-99. |
| Отчет о возможных воздействиях том 7 раздел Пос Жамбыл Газеттегі хабарландыру |