«Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы
су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы

          «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағынның 3), 5-7), 5-11) тармақшаларына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2907 болып тіркелген, 2016 жылдың 23 қаңтарында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жамбыл облысының әкімі                                                    Н. Нұржігітов

 

Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
басшысы                                                                                            М. Шүкеев

Қаулы_kz
Дата публикации
15 ноября 2022