Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері
туралы есебі
04.10.2022 ж.
Талдамалық анықтама
Есептік кезең - 2022 жылғы ІІІ тоқсаны
І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 8 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Барлығы электронды түрде көрсетілуде.
Анықтама: 1) «Ағаш кесу және орман билетін беру»; 2) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»; 3) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»; 4) «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»; 5) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру»; 6) «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру»; 7) «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»; 8) «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру».
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 709.
Оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 6 ( 0,8%)(жеке тұлға –6);
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 703 (99,2%)(жеке тұлға – 334, заңды тұлға – 369);
2022 жылдың ІІІ тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.
Басқарма тарапынан көрсетілген қызмет түрлерінен мерзімін бұзушылық жағдайлары орын алмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлығы электронды түрде көрсетілуде («е-лицензия» жүйесі арқылы).
ІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
Ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 5 мекемеге (Көктерек, Қосқұдық, Ақыртөбе, Луговой, Меркі) ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, анықталған кемшіліктерге сәйкес 1 қызметкер (Қосқұдық) тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ішкі бақылау шаралары бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тоқсан сайын ақпарат ұсынылуда.