Отчетный период III квартал 2022 года

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері
туралы есебі
04.10.2022 ж.

 

 

Талдамалық анықтама

Есептік кезең - 2022 жылғы ІІІ тоқсаны

 

        І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 8 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Барлығы электронды түрде көрсетілуде.

Анықтама:  1) «Ағаш кесу және орман билетін беру»; 2) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»; 3) «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»; 4) «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру»; 5) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру»; 6) «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру»; 7) «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру»; 8) «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру».

 Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 709.

Оның ішінде:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 6 ( 0,8%)(жеке тұлға –6);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   703 (99,2%)(жеке тұлға – 334, заңды тұлға – 369);

2022 жылдың ІІІ тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

Басқарма тарапынан көрсетілген қызмет түрлерінен мерзімін бұзушылық жағдайлары орын алмаған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлығы электронды түрде көрсетілуде («е-лицензия» жүйесі арқылы).

 ІІ.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

  1. Басқарма тарапынан жылда жоспар бекіту арқылы бағынысты мемлекеттік мекемелерге ішкі бақылау жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстар орман шаруашылығы мекемелері тарапынан көрсетілетін «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің көрсетілу барысына жүргізіледі.

Ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 5 мекемеге (Көктерек, Қосқұдық, Ақыртөбе, Луговой, Меркі) ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, анықталған кемшіліктерге сәйкес 1 қызметкер (Қосқұдық) тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ішкі бақылау шаралары бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тоқсан сайын ақпарат ұсынылуда.

ІІІ ТОҚСАН АНЫҚТАМА бойынша госуслуга есеп 2022 жыл.
Дата публикации
06 октября 2022