ЖОБА
Жамбыл облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін
төлемақы мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)» Кодексiнiң 576-бабына, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 127-бабына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ
1.Жамбыл облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшiн төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2.«Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 22-5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 3800 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіптікті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Облыстық мәслихат хатшысы Аты-жөні, тегі