«Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін жерлерді резервте қалдыру туралы

«Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін
жерлерді резервте қалдыру туралы

 Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын бекіту туралы» 2021 жылғы 12 қазандағы №731 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меркі ауданы аумақтарында қоса беріліп отырған «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркін құру үшін резервіленген жер учаскелерінің орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2 - қосымшалар) шекаралары шегінде жалпы алаңы 72710,0 гектар жер учаскелері оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жамбыл облысының әкімі                                                    Н.Нұржігітов

 

Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
басшысы                                                                                        М. Шүкеев

Постановление каз
Дата публикации
22 августа 2022