Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

        ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (әрі қарай – Басқарма) 8 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

         Оның ішінде:

            - 7 қызмет электрондық түрде көрсетіледі;

            - 1 қызмет электрондық және қағаз түрінде.

         2020 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 26,3%-ға немесе 832-ге көбейді (2020 жылы 2339. қызмет көрсетілген).

         2021 жылдың 12 айында Басқармамен 3171 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

            - Электрондық түрде - 2125 қызмет (67 %);

            - қағаз түрінде (баламалы) - 1051 қызмет (33 %).

         Атап айтқанда:

  • II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру – 583;
  • Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 174;
  • Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру (Аң аулау, Балық аулау, Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болдырмау мақсатында пайдалану, Жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану) – 551;
  • Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру – 0;
  • Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру – 17;
  • Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу – 5;
  • Ағаш кесу және орман билетін беру – 1841;
  • Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру – 5.

            2021 жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңде Басқармамен бекітілген жоспарына сәйкес 15 ішкі бақылау  іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар қорытындысы бойынша 304 бұзушылық анықталды:

         -  мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 44 фактісі;

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 81 фактісі;

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 63 фактісі.

         Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 7 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ 7 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (3 – «ескерту», 2 – «сөгіс», 1 – «қатаң сөгіс», 1 – «лауазымын төмендету»).  

         Басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғаларға, сонымен қатар, басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлеріне түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті берушілермен бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, яғни кең қолданысқа ие әлеуметтік желілерде, мемлекеттік органдардың жеке парақшасында мемлекеттіу көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы ақпараттарды, баспасөз беттерінде Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы мақалалар жарияланып отырады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

ОТЧЕТ КАЗ-2021
Дата публикации
17 августа 2022