Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
12 айы бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (әрі қарай – Басқарма) 8 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді.

2021 жылдың 12 айында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 3171 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

- 7 қызмет электрондық түрде көрсетіледі;

- 1 қызмет электрондық және қағаз түрінде.

2021 жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңде 304 бұзушылық анықталды:

  - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 44 фактісі;

  - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 81 фактісі;

  - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 63 фактісі.

 Ол бойынша жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды.

Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті берушілермен бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, яғни кең қолданысқа ие әлеуметтік желілерде, мемлекеттік органдардың жеке парақшасында мемлекеттіr көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы ақпараттарды, баспасөз беттерінде Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы мақалалар жарияланып отырады.

  Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

Есепті мерзімде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 124 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізіп, 78 жергілікті атқарушы органдар мен 46 ведомстволық бағынышты ұйымдары қамтылды. Нәтижесінде 1169 бұзушылықтар анықталып, 25 лауазымды тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 4 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 437 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 221 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 129 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 43 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 335 фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 193 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

отчет госулуг за 12 мес. КАЗ
Дата публикации
17 августа 2022