Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелері (2021 ж)

Мемлекеттік қызметтер қоғамның мемлекетпен қарым-қатынасындағы қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналған стратегиялық əлеуметтік институттардың бірі болып табылады.
Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
туралы» Заңы қабылданғаннан бері Үкімет мемлекеттік қызметтерді дамыту, стандарттау
жəне автоматтандыру бойынша бірқатар өзгерістерді жүзеге асыруда. Жылдан жылға
мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу мемлекет пен
халықтың тиімді өзара іс-қимылын дамытуды қолдаудың тиімді тетігіне айналуда.
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету жəне олардың жеке жəне заңды
тұлғалар үшін қолжетімділігін кеңейту, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдануды кеңейту, қызмет көрсетудің жаңа схемаларын енгізу арқылы
мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Сондай-ақ елдің əлеуметтік-
экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің негізгі шарттарының
бірі болып табылады.
Əкімшілік жəне басқа да кедергілерді барынша азайту, сыбайлас жемқорлық
тəуекелдерін азайту жəне клиентке бағдарланған тəсілді енгізу мақсатында халықпен өзара
іс-қимылдың принципті жаңа құралдары құрылды, «электрондық үкімет» енгізілді,
мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестері оңтайландырылды жəне халыққа
жəне бизнеске қызмет көрсетуші Мемлекеттік корпорация жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жыл сайын мемлекеттік
əлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алулар арқылы мемлекеттік
қызметтерді көрсету сапасын бағалау бойынша социологиялық зерттеуге бастамашылық
етеді. Мониторингке жататын қызметтер ең ауқымды, проблемалық (бюрократиялық,
сыбайлас жемқорлық, мерзімі бұзылған, түскен шағымдар жəне т.б.) жəне əлеуметтік
маңызы бар мемлекеттік қызметтер болып табылады.
Азаматтардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бағалауы
азаматтардың мемлекетке деген сенімінің деңгейін анықтайтын, халықтың үмітін
қалыптастыратын, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау көрсетуді көрсететін
маңызды фактор болып табылады. Сол себепті азаматтардың мемлекеттік қызметтердің
қолжетімділігі мен сапасына қанағаттануын анықтаудың социологиялық əдістері қызметтің
тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды кері байланыс құралдарының бірі ретінде
шет елдердің тəжірибесінде де, Қазақстан Республикасында да кеңінен қолданылады.
мемлекеттiк басқару жəне жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын, мемлекеттiк қызметтер
көрсету саласындағы инновацияларды енгiзудi бақылау, сондай-ақ одан əрi дамытудың
басым бағыттарын айқындау.
Социологиялық зерттеу 2021 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында жүргізілді.
Оның аясында қызметтерді тұтынушыларға сауалнама жүргізілді, тұтынушылармен жəне
қызмет көрсетушілермен тереңдетілген сұхбаттар, «Жасырын сатып алушы» əдісі
бойынша бақылаулар, сондай-ақ бірқатар фокус-топтық талқылаулар жүргізілді.
2021 жылы зерттеу жүргізу үшін қоғамдық мониторингке орталық мемлекеттік
органдардың 50 қызметі, Мемлекеттік корпорацияның 2 қызметі жəне жергілікті атқарушы
органдардың 23 қызметі енгізілді. Мемлекеттік қызметтерді таңдауға олардың бұқаралық
сипаты, сұранысы, проблемалық сипаты, əлеуметтік маңыздылығы сияқты көрсеткіштер
əсер етті.
Сондай-ақ ағымдағы жылы онлайн қоғамдық мониторинг процедурасын енгізу бойынша
шаралар қабылданды. Осылайша, «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетте
көрсетілетін қызметті алушыларға сауалнамаға сілтеме жасау арқылы көрсетілетін
мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау ұсынылды, сондай-ақ онлайн сауалнамаға ұқсас
SMS жіберу жүзеге асырылды.
Есепте зерттеу барысында анықталған проблемалармен мемлекеттік қызметтерді
көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нəтижелері, сондай-ақ мемлекеттік
қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша қорытындылар мен ұсынымдар берілген.

Қоғамдық мониторинг
Дата публикации
02 августа 2022