«БЕКІТЕМІН»
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының басшысы
__________________М.Шукеев
«____»_____________2022 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші: Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке жене занды тұлғалардын құқықтары мен занды мүдделерін іске асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінін, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, орталық аткарушы органдар басшыларының бұйрықтарын, сондай-ақ басқарманың Жарғысын басшылыққа алуға міндетті;
2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлт аралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік тіл және басқа тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтеу;
3) жеке жене заңды тұлғалардың құқықтары мен занды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз құзыреті шеңберінде қарау;
4) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін құдалауға жол бермеу, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолдану;
5) жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет жене басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
6) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алдын алу мақсатында таратылуы тиіс емес қызметтік және басқа да ақпараттарды пайдаланбау;
7) шын мәнінде жоқ ақпараттарды таратпау.
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
1) қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлық алу итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;
2) лауазымдық міндеттерді орындау кезінде жеке және пайда күнемдік мүдделерді басшылыққа алмау;
3) өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына ыкпал етуі мүмкін заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ болу;
4) әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар жасамау жене лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылыктар алу үшін қызметтік емес кызметтер көрсетпеуге;
5) басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға
келдірмеу және ынталандырмау;
6) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамау;
7) егер лауазым жақын туыстық (ата-анасы, жубайы, аға-інілері, апа-сіңілілері,балалары) қатынастарда тұрған адамдарға тікелей бағыныстылыққа немесе олардың бақылауына байланысты болса, оны тағайындаудан бас тарту;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру;
9) сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдатқаны үшін пайда көруге итермелегенін емес әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жедел түрде жеткізу;
10) тікелей басшыға орындау үшін алынған бұйрықтың зандылығына күмәнданғаны туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті;
11) егер мүдделер қақтығысына тікелей басшынын өзі катысты болса, жоғары тұрған басшыға жүгіну;
12) жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау бойынша әріптестерден қолдау және талап ету;
13) мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың және олардың салдарының ықтимал туындауының себептері мен жағдайларын жою бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;
14) табыс табуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де әрекеттерді іске асыруда біреуге көмектесуден бас тарту;
15) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе қамқорлық жасаудан, сондай-ақ олардын атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ болу.
3.3. Басқарма басшысына және лауазымды тұлғаларға тауарларды,
жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлыжәнетиімдіжұмсау;
2) «Мемлекеттік сатып алу» Қазақстан Республикасының Занында көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік сатып алу үрдісінін ашықтығы мен айкындығын қамтамасыз ету;
5) отандық,тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстармен көрсетілетін
кызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарға қайшы келмейтіндей шамада қолдау көрсету;
6) қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлық алу итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;
7)жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және басқа да адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік таныту;
9) сыбайлас жемқорлық фактілері белгілі болғаны туралы, сондай-ақ қандай да бір материалдарды қарауды жылдамдатқаны үшін пайда көруге итермелегені немесе әуре-сарсаңға салғаны туралы басшылыққа жедел түрде жеткізу;
3.4. Басқарманың қызметшілерін/жұмыскерлерін таңдау мен орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде мыналар ұсынылады:
1) тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімін сақтау;
2) мекемеге қызметке/жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіру;
3) кадрларды іріктеу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
4) мемлекеттік қызметкерлердің жеке деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;
5) қызметке/жұмысқа үміткерден еңбек шартын жасауға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу;
мекеме жұмыскерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізу.
3.5.Тіршілік әрекеті саласына байланысты пайда болған басқа да өзара қатынас барысында:
1) басшы өзінің, әділдік, адал ниеттілік, сыйластық қарым-намысы мен қадір-қасиетіне тұлға, мінез-құлқына үлгі турашылдық болу;
2) бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілеу;
3) бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу;
4) олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік таныту,
5) бағынышты жұмыскерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу;
6) олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермеу;
7) қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың әрекеттеріне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
8) бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемеу;
9) өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестерде туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды өз уақытында қабылдау;
10) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, мүлікті қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалану.
3.6. Басқа шектеулер мен тыйым салулар
1) жұмысшы өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде Еңбек шартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты негізінде сыбайлас жемқорлық жасауына, құқық бұзушылыққа немесе пара беруге (пара беруіне делдалдық көрсетпеу ) қызмет бабын заңсыз пайдаланбау, өзінің лауазымдық жағдайына қарамастан коммерциялық сатып алушылықа немесе өзге де құқыққа қайшы болатын әрекетке бармау, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының артыықшылықтары өтеусіз пайдалану мақсатында немесе ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктер, соның ішінде мүліктік құқықтар, жұмыстар немесе мүліктік сипаттағы қызмет, өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына пайдалануы немесе басымдыққа алу үшін өзге де құқыққа қарсы мақсаттарына қол жеткізу;
2) егерде Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының атынан сыбайлас жемқорлық жағдайдың жасалуы/даярлау/ қызметкерге белгілі болған жағдайда, қызметкер сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізу;
3) қызметтік міндеттерді орындау немесе болайын деп жатқан кезінде мүдделер қақтығысының, итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу.