Есептік кезең 2022 жылғы І тоқсаны

Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
10.04.2022 ж.

 

Есептік кезең 2022 жылғы І тоқсаны

Талдамалық анықтама

 

         І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2022 жылдың І тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 743.

Оның ішінде:

         - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде 2022 жылдың І тоқсанда көрсетілгендер саны – 54 (7%)(жеке тұлға –52, заңды тұлға- 2);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –   689 (93%)(жеке тұлға – 624, заңды тұлға – 65);

2022 жылдың І тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.

ІІ.  Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы

  1. Басқарманың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 4 мекемеге (Ұланбел, Мойынқұм, Бұрыл-байтал, Байзақ) ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.

2) Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

2022 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

Сонымен қатар, мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмаған.

І ТОҚСАН АНЫҚТАМА бойынша госуслуга есеп 2022 жыл.
Дата публикации
11 апреля 2022