Басқарманың мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері бойынша
3 ай қорытындысы туралы есебі
10.04.2022 ж.
Есептік кезең 2022 жылғы І тоқсаны
Талдамалық анықтама
І. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша 2022 жылдың І тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 743.
Оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы қағаз түрінде 2022 жылдың І тоқсанда көрсетілгендер саны – 54 (7%)(жеке тұлға –52, заңды тұлға- 2);
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 689 (93%)(жеке тұлға – 624, заңды тұлға – 65);
2022 жылдың І тоқсанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты шағым тіркелген жоқ.
ІІ. Жүргізілген ішкі бақылау іс-шаралары туралы
2) Басқарманың ішкі бақылау жұмыстарына жауапты мамандары бекітілген жоспарға сай тоқсан сайын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.
2022 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
Сонымен қатар, мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталмаған.